«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 29 наурыздағы бос лауазымға педагогті тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2023-2024 оқу жылына бос жұмыс орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
- Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
- Төменде көрсетілген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (уақытша, бала күтіміне байланысты демалысындағы мұғалімнің орнына) лауазымына үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Абденова Карлыгаш Казизовна.
- Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
- Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.