Бүгін 17 қаңтарда оқушылардың жағымды қарым-қатынасы мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамашылық еткен «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясын іске қосу рәсімі өткізілді.
17 қаңтарда «ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын» акциясында ОАМ вице-министрі Е. С. Оспан, «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Е. Н. Иманғалиев, «Өркен» КЕАҚ вице-президенті Г. К. Балғабаева, бас сарапшы, п. ғ. д., профессор К. А. Сарбасова, сондай-ақ мектеп омбудсмендері мен ҚР мектеп әкімшіліктері қатысты.
Өткізілетін акция оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында ынтымақтастыққа деген қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған, мұнда сенім, өзара сыйластық пен еркіндік атмосферасын құру, ынтымақтастық пен қолдауға дайын екендігін көрсету маңызды шарт болып табылады. Біздің мектепте осы жоба барысында жұмыс жасайтын болады.
Акцияға орта білім беру ұйымдарының бастауыш (1-4 сынып), орта (5-9 сынып) және жоғары (10-11 сынып) буын оқушылары, ата-аналар, педагогтер, еріктілер, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестері қатысады.
Акцияға ат салысайық, бірлігі жарасқан Досболlike!