Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен 2024 жылдың 2 наурыз күні Әбіш Кекілбаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінде «Білім сапасын арттырудың аса маңызды шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумге мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Мырышпаева Асем Асенғазықызы қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұралары» тақырыбында баяндамасын ұсынып, тәжірибелік сабағымен бөлісті. Бастауыш сыныпты оқытуда Ахмет әдістемесін қазіргі білім беру жүйесіндегі әдістемемен ұштастыра пайдаланудың тиімділігін көрсете алды.