- Педагог-ассистент
Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
- конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут), ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26 ақпан – 05 наурыз аралығында.
Байқаудың өтетін күні: 06.03.2024ж.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Байланыс телефоны:
8 (7172) 50-16-56
8 701 318 56 21 (кадр бөлімі)
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.