Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!

 

1. Педагог-ассистент

 

 Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар

 

Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 

біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);

денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);

психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

  11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

 конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);

 тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (кемінде 15 минут), ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08 – 19 желтоқсан аралығында.

 

Байқаудың өтетін күні: 20.12.2023ж.

 

Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2