Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде, 2023 жылдың 17 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «TopIQ білім беру платформасымен жұмыс істеудің жалпы қағидаларымен танысу» семинары өткізілді.
Мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Президент Қ.К.Тоқаевтың цифрлық оқулықтарға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Алматы кітап» баспасының TopIQ білім беру платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін тиімділігін көрсету.
Шонова Алия Куанышбековна, өз сөзінде «TopIQ білім беру платформасы» өте жеңіл. Барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған. Электрондық оқулықтар:
-мұғаліммен жеңіл байланыстыратындығы туралы айтып өтті.
Web-платформа Қазақстан Республикасы аумағындағы серверде орналасқан. Электрондық оқулықтар ҚР БжҒМ № 131,№ 216, № 286 Бұйрығымен қолдануға ұсынылған. Тоpiq.kz – 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлық оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы екендігі туралы айтылды.
Семинар барысында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Айнұр Секенқызы платформа жайлы толық ақпарат беріп, электрондық оқулықта тыңдалымдар, әуендер, мәтіндер, онлайн режимдегі түрлі деңгейлік тапсырмалар, 3D және 2D анимациялар, мультфильмдер, бейнематериалдар, интербелсенді тапсырмалар, түрлі ойындар жиыны бар екендігін атап көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері TopIQ платформасына оң көзқарас танытып, бірден платформаға кіріп, тапсырмаларды қарап, кері байланыс арқылы сұрақтарына жауап алды.