Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мектебіміздің оқушылары жаратылыстану-математика бағытында білім алуда. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқу барысында оқушылардың жобалық жұмысы негізгі және орта мектепте айқын байқалатын ғылыми-зерттеу сипатына ие болады. Зерттеу жұмыстары оқушыларға ойлау және талдау, фактілерді жинау және өңдеу, түсіндіру және қорытынды жасау, қол жеткізілген нәтижелердің адамдар мен қоршаған орта үшін құндылығын бағалау мүмкіндігін береді.

      Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім алу барысында оқушылардың жалпы сауаттылығы қалыптасады. Олар жалпы сауаттылығын кез келген білім беру саласында, іс-әрекетінде, түрлі проблемаларды шешу барысында қолдана алады. Жалпы сауаттылық оқушыларға алып жатқан білімінің жеке тұлға үшін мәнін ұғынуға, оның өз өміріндегі маңызын зерделеуге, өмір бойы білім алудың қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.

            Оқушылардың 1-4 сыныптардың оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу-танымдық іс-әрекеттегі оң уәждемесі мен іскерлігін, шығармашылық өзін-өзі іске асыруына, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін, оның қоршаған әлемге эмоционалды-құндылық қатынасын дамытуға бағытталған.

1-4 сыныптар бойынша вариативтік компонент есебінен енгізілді:

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар бойынша жүзеге асырылады.

1 сыныптарда – 1 сағат «Логика»;

2 сыныптарда – 1 сағат «Логика»;

2 сыныптарда – 1 сағат «Қызықты қазақ тілі»;

3 сыныптарда – 1 сағат «Әдебиет әлемі»;

4 сыныптарда – 1 сағат «Оқу сауаттылығы».

 

5-11 сыныптарда вариативті компонент бағдарламаларына ерекше назар аудару керек:

- элективті курстар пәнді тереңдетіп оқытуды көздейді;

- факультативтік сабақтар білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

5-11 сыныптар бойынша вариативтік компонент есебінен енгізілді.

таңдау пәндері:

  • Қазақ тілі
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Геометрия
  • Информатика
  • Физика
  • География
  • Биология
  • Химия

 

  • Шахмат және ой дамыту
  • Дене шынықтыру: спорттық ойындар
  • Жаһандық құзыреттілік

 

Элективті курс:

  • Абайтану
  • Денсаулық және өмірлік дағдылар

 

Лицейлік компонент есебінен:

Математика

  • Логикалық математика және ой дамыту
  • Олимпиадалық математика
  • Логикалық математика және математикалық сауаттылық
  • Модулі бар және параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер

Информатика

  • Робототехника Elementary
  • Робототехника Junior
  • Cайт құрастыру және 3D-модельдеу

Физика

  • Физика пәнінен күрделі есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру
  • Физика және техника
  • Қиындығы жоғары есептер
  • Физика және Қазақстан энергетикасы
  • Физика пәнінен олимпиадаға дайындау

География

  • Географиялық зерттеу әдістері
  • Қарапайым ғылым
  • Еліміздің ерекше қорғалатын аймақтары
  • Қазақстанның рухани құндылықтары мен көрікті жерлерінің географиясы

Биология

  • Өсімдіктер морфологиясы мен физиологиясы
  • Биология пәнінен олимпиадаға дайындық
  • Биотехнология және генетикалық инженерия
  • Молекулалық биология және генетика
  • Биологиялық есептерді шешу жолдары

Химия

  • Бастапқы химиялық ұғымдар
  • Экологиялық химия
  • Химиялық есептерді шығару
  • Химия күнделікті тәжірибемізде
  • Химия пәні бойынша олимпиада есептері мен жолдары
  • Химия пәнінен күрделі тапсырмаларды шешу әдістері