Бүгін: 23.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Отбасында бала адамгершілік асыл қасиеттерді, құндылықтарды өз бойына қабылдап өседі.Өзгеге деген ыстық сезімі-ең алдымен жақындарына,туған-туыстарына деген сүйіспеншілігінен бастау алады.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектебімізде Отбасы күніне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Соның бірі бастауыш сыныптар аралығында өткізілген “Әжемнің ертегісі”. Осы жоба аясында кітапханада ертегі желісі бойынша хат жазу, сурет салу, мүсіндеу бойынша оқушылар өз шығармашылықтарымен бөлісті. Бұл ертегінің тек тәрбиелік мәнін ғана емес, сол ертегі желісі бойынша шығармашылық танымдарын кеңейтуге жол ашу мақсатында өткізілді.

#отбасыкүні
#әжемніңәңгімесі
#әжемніңертегілері
#бастауышсынып

 

 

Источник: instagram