«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2023 жылғы 13 қыркүйектегі бос, уақытша бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2023-2024 оқу жылына бос, уақытша бос жұмыс орындарға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
2.Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3.Төменде аталған бос жұмыс орынға үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымы бойынша:
- Нөкеш Толқын Жұмағалиқызы
- Зеева Асем Жарылкасыновна (уақытша бос орын).
4. Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.