Бүгін, 4 сәуір Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлескен меморандум аясында Жаратылыстану кафедрасы оқытушылары мен студенттері және мектеп оқушылары қатысқан қатысқан «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстану бағытындағы дүниетанымын тереңдету және химия саласындағы соның ішінде бейорганикалық заттардың құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысы туралы түсініктерін арттыру. Профессор Ташенов Әуезхан Кәріпханұлының оқулықтары негізінде теориялық білімдерін тереңдетіп, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру. Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Жаратылыстану ғылымдары факультетінің академиялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары, PhD докторы, доцент Нурсафина Ақмарал Жексенбайқызы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Досмагамбетова Сауле Саркантаевна, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, химия ғылымдарының кандидаты Джакупова Жанар Ерекеевна және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің доценті, PhD доктор Нургазина Гульнар Мырзакеновна қатысты. Алғысөзді мектеп директоры Әметбеков Ғани Бақытұлы алып, конференцияны ашып берді. Мектеп оқушылары мен ЕҰУ студенттері атом құрылысы, химиялық байланыс, химиялық термодинамика және химиялық кинетика, элементтер химиясы, галогендер тақырыбындағы бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Үздік деп танылған зерттеу жұмыстары марапатталды. Конференция соңы мектебіміздің талантты оқушыларынан құрылған концерттік бағдарламаға ұласты.