Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, 15 минуттық қоңырауда күй ойнатылып 1-11 сынып оқушылар арасында, ұлттық нақыштағы киімдер кию, ұлттық ойындар ойнату, ұлттық құндылықты меңгеру мақсатында түрлі викториналар жүргізілді!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі-15 минут» - ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік, еңбекқорлық туралы, мектебіміздің 7 «Б»сынып оқушысы Әмірәлі Бекұланның әкесімен жеке уақыт өткізу кезінен үзінді.
05.09.2024 жылы отбасы күніне орай "Дені сау ұрпақ" тақырыбында мектебіміздің білім алушыларымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, ұлттық ойын түрлерін ойнатып көңілдерін көтере білді.
"Дені сау ұрпақ" тақырыбындағы отбасы күніне арналған іс-шараның мақсаты:
Іс-шара барысында спорттық жарыстар, командалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы осы мақсаттарға жету жоспарланды.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде білім мекемесінің отбасымен өзара әрекеттесуі мен бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін нығайту және отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау мақсатында «Даналық мектебі» жобалары бойынша жұмыстарды жандандыра отырып, 1-11 сыныпта білім алушы оқушылар Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» челленджіне атсалысты.
Назарларыңызға 6 «Е» сынып оқушыларының «Отбасым – ол менің байлығым» тақырыбына шығарма жазу сәтінен көрініс ұсынамыз.
05.09.2024 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей кітапханасында тілдер мерекесіне орай «Тілім-менің тірегім!» атты тақырыпта Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Сабақтың міндеті: Оқушылардың өз ой-пікірін ашық, бүкпесіз айтуына жағдай жасау. Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары мен кітаптары жайлы әңгімелеп беру. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, сабаққа ынта жігерлерімен қатысты. Сондай ақ кітапханамызда «Туған тілім айбыным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.