Сегодня: 22.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

«ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы аясында «Біздің мектеп буллингке қарсы» атты республикалық бейнероликтер челленджін өткіздік.

26.jpg - 189.54 kB

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейі» Дүниежүзілік тазалық күні аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке атсалысу мақсатында білім мекемесі ұжымы қызметкерлері мен білім алушыларының қатысуымен сенбілік өткізілді.
Бүгін, 21 қыркүйек күні, «Бірігіп қаламызды таза етеміз!» ұранымен мектеп ұжымы тазалық жұмысына кірісіп, аула және арық-атыздарды тазалап, көшеттер отырғызып, мектеп аумағындағы үлескілерді қопсытып, тағылымды шара ұйымдастырды.
Мектебімізде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Білім алушыларға тазалық пен табиғатты қорғаудың маңызы туралы ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды тазалық пен еңбекке баулу әрекеті атқарылып келеді. Осындай еңбек пен тәртіптің арқасында мектебіміздің ауласы көз қуантарлық көрікке ие. Білім мекемесіндегі гүлзар мен жасыл желек білім мекемесінің көркіне көрік қосып, әрі әсемдік пен тазалықтың үндесуінен тамаша үйлесімде үндесіп отыр. Жайқалып өскен ағаштар, түрлі гүлдер мен бұталы жасыл желек – табиғаттың сыйы мен адамзаттың қамқорлығының тұтастығынан көрініс береді.

27.jpg - 228.36 kB

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 23-27 қыркүйек аралығында ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру қажеттілігі бойынша 27 қыркүйек күні «Бала қауіпсіздігі қоғам келешегі» тақырыбы аясында жиналыс өтті. 

28.jpg - 190.77 kB

1 «Ә» сыныптың оқушылары әдептілік - тәрбие бастауы екендігін ұғына отырып, мақал-мәтелдер айтумен сабақтарын бастады.
Мақсаты: оқушыларға әдептілік, сыпайылық және бір-біріне құрмет көрсетуді насихаттау.

30.jpg - 245.33 kB  31.jpg - 245.69 kB

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 23-27 қыркүйек аралығында педагогикалық жиналыстарын ұйымдастыру қажеттілігі бойынша 27 қыркүйек күні «Бала қауіпсіздігі қоғам келешегі» тақырыбы аясында ұжыммен жиналыс өткізді.
Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.

29.jpg - 196.13 kB

Бүгін біздің 5-сынып оқушыларымыз ерекше бір күнді атап өтуде – Әдеп күні. Бұл күннің мақсаты – әдептілік, сыпайылық және құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру

18.jpg - 156.75 kB19.jpg - 212.88 kB