Сегодня: 23.10.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

🏆 2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен
2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті.
Жарыс Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Дойбы – логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытатын спорт түрі.
Қарапайым ережелерге қарамастан, ол табандылық пен зейінділікті талап етеді.
Бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету және ерікті әрекеттерді басқару қабілеттерін жетілдіреді.

Олимпиада айналмалы жүйе бойынша тартысты өтті.
Үш күнге созылған бұл сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бақ сынасты.

Мектебіміздің мақтанышы,
5 «Б» сынып оқушысы, дойбыдан Астана құрамасының мүшесі,
спорт шеберіне үміткер Естай Нұрали ерекше өнер көрсетіп,
жүлделі 2-орынға ие болды!

Сонымен қатар, оның жетекшісі —
Исаев Сержан Іздәшұлы
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының
басшылығы тарапынан «2-орын» грамотасымен марапатталды.

Жас дойбышыны және ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың табандылығы мен еңбегі мектебіміздің мәртебесін арттырды.
Болашақта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

45645646456464.jpg45645645645646.jpg

🏆 Жастар мен ересектер арасында "64" шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті
Қостанай қаласында жастар мен ересектер арасында өткен
"64" шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионатында еліміздің үздік ойыншылары бас қосып, өзара шеберлік байқасты.
Аталған сайыста мектебіміздің мақтанышы,
5 «Б» сынып оқушысы,
дойбыдан Астана құрамасының мүшесі,
спорт шеберіне үміткер Естай Нұрали
өзін жоғары деңгейде көрсетіп,
екі қола медальдің иегері атанды.
Спортшылар швейцариялық жүйе бойынша жеті тур ойнап, тартысты бәсекеде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды.
Нәтижесінде жас спортшымыз мынадай жетістікке қол жеткізді:
• 🥉 Рапид номинациясы бойынша — 3 орын
• 🥉 Блиц номинациясы бойынша — 3 орын
Естай Нұрали — табандылығымен, зеректігімен және шеберлігімен көзге түскен жас спортшы.
Ол жарыс барысында өзіне деген сенімділігі мен жоғары дайындық деңгейін дәлелдей білді.
Мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымы дарынды оқушымызды
ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырғаны үшін шын жүректен құттықтайды.
Болашағынан зор үміт күттіретін Нұралиге спортта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Сондай-ақ, жас дойбышының жетістігіне үлес қосқан
мектеп басшылығына, сынып жетекшісіне, ата-анасына және жеке жаттықтырушысына алғыс айтамыз.

fgh4455454.jpgdfgdfhfgh55.jpg

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы  08 сәуірдегі  бос лауазымдарға  педагогтерді  тағайындау  бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.     Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің»  2024-2025 оқу жылына бос лауазымдық орынға  орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.

2.     Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.

3.     Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:

-         Амитова Гулжанат Бердановна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  (уақытша бос орын).

4.     Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ниязбековтың ұйымдастыруымен “5” сынып оқушыларына “Оқырмандар бәйгесі” сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, көркем шығарманы талдауды үйрету, оқырман талғамын қалыптастыру.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Мектеп кітапханасы” жобасы аясында өткен шара Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі бойынша ұйымдастырылды. Білім алушылар өздері оқыған қызықты да үздік туынды бойынша білімдерін сынға қойып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Сайыс қорытындысында жүлделі орындар төмендегідей ретпен берілді:
І орын: Азизбек Ақниет
ІІ орын: Төребек Нұрсая, Қонысбек Кәусар
ІІІ орын: Ахметова Лунара, Баянбай Ерасыл.

23422222333.png434534534555.png

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы  21 ақпандағы  бос лауазымдарға  педагогтерді  тағайындау  бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдық орындарға  орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
  2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
  3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
  • Ансаганова Аякоз Бейбиткызы – бастауыш сынып мұғалімі.
  1. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.

“Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының нәтижесі бойынша қуанышты жаңалық! 🎉
📚 Қатысушы 40 мектептің арасынан біздің мектебіміздің парламенті 3-ші орынды иеленді! 🏆
Бұл жетістік – мектеп ұжымының бірлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Біздің парламент мүшелерінің қажырлы жұмысы мен тың идеялары арқасында осындай биік белеске жеттік! 🌟
Барша мектеп парламентінің мүшелерін, ұстаздарымызды және қолдау көрсеткен барша жандарды құттықтаймыз! 💪 Алда жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр!

54645645466666.png