Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні мектебіміздің Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында 8 -ші сынып оқушыларымен ұстаздар күніне орай «ДАРА ТҰЛҒА -АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ -» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты - қазақ халқының саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Оқушылар ақын өмірінен көрініс қойып, жыр шумақтарын жатқа оқыды, ән айтып, күй тартылды.
8 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлессе отырып мұражайға жәдігер ретінде ақынның шежіресін табыс етті.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Іс -шараны ұйымдастырып өткізген 8 «Е» сынып жетекшісі орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Хусаинова С.Т.
Бұл күн денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды! Оқушыларды, әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптасуына, денсаулықтарын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Мектебіміздің 11 сынып оқушыларына, мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстарын "Қоғамтану" бірлестігі мұғалімдері жүргізді.
Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Асханамызда таза ортада тамақтану, барлығымызға жайлы әрі қауіпсіз атмосфера сыйлайды.
🍽️ Асханада тазалық сақтау жолдары:
Жуу: Тамақтанар алдында қолдарыңызды жақсылап жуыңыз.
Ұқыптылық: Ас құралдарын,дастарханды таза ұстаңыз.
Қоқысты тастау: Тамақтан кейін қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастауды ұмытпаңыз.
Көмектесу: Досыңызға асханада тазалық сақтауға көмектесіңіз!
🌍 Тазалық – әркімнің жауапкершілігі! Біздің кішігірім әрекеттеріміз үлкен өзгерістерге әкеледі. Бірге жұмыс істесек, асханамызды әрі қарай да таза ұстай аламыз.
Астана қаласы білім басқармасының А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 1-11 сынып жетекшілерімен 2024 жылдың 19 қыркүйек күні оқу семинары ұйымдастырылды. Күн тәртібінде сынып жетекшілерінің міндеттері мен жұмыс режимі, жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, сынып жетекшілерінің іс құжаттарының жүргізілуі туралы мәселелер айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп жұмысының сапасына, оқушылардың тәрбиесі мен жан-жақты дамуына еселі үлесі бар әріптестер басқосуда сынып жетекшілерінің жұмыстарына қатысты біршама мәселелер туралы пікірлесіп, ой бөлісті.
Жиын барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер әріптестер тарапынан талдап, сараланып, жұмыс сапасын арттыру, сынып жетекшілерінің жұмысын жандандыру мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұма күні, ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында мектебімізде
ерекше күн, – «Ұлттық киім» кию күні! 🎉✨
Неліктен ұлттық киім кию маңызды? Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихын, дәстүрін көрсететін белгі. Ол бізді біріктіріп, ұлттық бірегейлігімізді сақтауға көмектеседі.