Сегодня: 22.11.2024
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру мақсатында құрылған Әкелер кеңесінің жиналысы болып өтті.

Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыруды жоспарлаған басқосуда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және ата-аналардың жауапкершілігі, балаларды интернетойындар мен лудоманиядан сақтандыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын-алу мәселелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

50.jpeg - 221.97 kB  53.jpeg - 203.72 kB  

54.jpeg - 228.24 kB  56.jpeg - 230.14 kB

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 24 қазаны күні "Республика күніне" орай ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкелер кеңесі» мүшелерінің қатысуымен волейболдан турнир өткізілді.
Қызықты да тартысты өткен спорт додасында Қозыбақов Жалғас «Үздік қорғаушы», Жетпісбаева Гүлдана «Үздік доп ұзатушы», Сламия Мұхтар «Үздік шабуылшы», ал Айнабеков Ерғазы турнирдің «Үздік ойыншы» атанса, «№48 Мектеп» және «Намыс» командалары жүлделі ІІІ орынмен, «Астана» командасы жеңіске бір қадам жетпей ІІ орынмен марапатталды, үздік ойынымен танылған «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.

Іс-шараға атсалысқан барша ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.

57.jpeg - 307.39 kB  58.jpeg - 288.87 kB   60.jpeg - 287.18 kB

63.jpeg - 275.7 kB  63.jpeg - 275.7 kB

Астана қаласының əкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, «Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жəне қолдау орталығы» МКҚК., Астана қаласының білім беру басқармасы жəне «STEM Academia» ЖШС ұйымдастыруымен Астана қ., Quantum Tech School кванттық техникалық мектебінде
оқушыларға арналған «STEM Olympiad – білім берудегі инновация» қалалық олимпиадасына 75 команда қатысып, үздік деп танылған, ең жоғарғы ұпайды жинаған 30 команда ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ өтіп, жолдама алды.
Біздің мектеп, яғни Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінен ERAIS48 командасы 75 команданың ішінен алға суырылып, жоғарғы ұпай алып, жақсы нәтижемен 11-орынды иеленіп, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ.
ERAIS48 командасының мүшелері:
Сагнаев Аслан 9Д
Ильясов Амир 9Д
Серік Жігер 10
Ғылыми жетекшісі: Айнұр Секенқызы

040.jpeg - 200.98 kB  041.jpeg - 334.08 kB

14 қазан мектебімізде “Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында өткізілген «Күзгі асар» тақырыбында жәрмеңке өткізілді.
Мақсаты: «Күзгі асар» жәрмеңкесі 1-4 сынып оқушыларының ұжымдық рухын көтеруге, еңбекқорлық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға сонымен қатар қаржылық сауаттылықтарын арттыруға көмектеседі.
Аса ұйымшылдықпен атқара білген бастауыштың сынып жетекшілеріне және ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.

 

19.10.jpg - 186.07 kB   20.10.jpg - 356.29 kB

Бүгін, 12 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1 (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-9-10-11 сыныптарынан 175 оқушы қатысып, білімін сынады. Мектеп директоры Ғани Бақытұлы оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды ашу рәсіміне қатысты. 

18.10.jpg - 217.45 kB

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени ағартушылық жобасының 2024-2025 оқу жылының І тоқсанындағы «Ақындар айтысы» тақырыбында атқарылатын жұмыс жоспары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Білім мекемесінде «Тіл – тірагіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында сынып сағаттары, «Елімізде ақындар айтысының дамуы» тақырыбында пікіралмасу, «Айтыс – жыр барымтасы» тақырыбында танымдық сабағы және жас ақындарды іріктеу кезеңіне дайындық жұмыстары атқарылды.

17.10.jpg - 156.4 kB