Бүгін, 12 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1 (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-9-10-11 сыныптарынан 175 оқушы қатысып, білімін сынады. Мектеп директоры Ғани Бақытұлы оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды ашу рәсіміне қатысты.