Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «5 қазан – Мұғалімдер күніне» орай Ұстаздар апталығы бастау алды.
Мерекелік шара ата-аналар мен оқушыларымыздың керемет құттықтауларымен басталып, ұстаздарымызға ғажап көңіл-күй сыйлады. Ұстаздар қауымына арналып «Құрмет дәлізі» жасалып, ұлағатты мамандық иелерінің құрметіне ән, күйлер орындалып, ізгі тілектер айтылды.
Ертеңгілік концерттік қойылым мен ерекше бағдарламаны ұйымдастырған мектебіміздің ата-аналары мен шәкірттеріне алғыс білдіреміз.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мұғалімдер арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған волейбол турнирінің басты мақсаты – білім беру саласындағы ұстаздар қауымын ұлықтау, ұжымдастардың ынтымағын арттырыу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Турнирге білім беру ұйымдарында қызмет ететін әйел ұстаздардан құралған 5 команда қатысты. Ойындар жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтті. Қатысушылар бір-біріне қолдау білдіріп, өзара сыйластық танытты.
Турнир қорытындысында жүлделі орындар төмендегі ретпен анықталды:
І орын: Ш.Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназиясы;
ІІ орын: А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі;
ІІІ орын: Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейі.
Волейбол турнирі – ұстаздардың тек кәсіби салада ғана емес, спорттық белсенділік пен ынтымақтастықта да үлгі бола алатынын көрсетті. Бұл шара ұстаздар мерекесіне ерекше серпін беріп, білім мекемелері арасындағы бірлікті нығайтты.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6-сыныптар арасында «Алтын күз-2025» мектепішілік байқауы ұйымдастырылды.
🌟 Оқушылар түрлі өнерлерін көрсетіп, күзгі мерекеге сән берді. Ән де шырқалды, би де биленді, көркем шығармалар да ұсынылды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. 🎉
Бұл байқау 6-сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытып, ұйымшылдыққа баулуға ықпал етті. ✨


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-сыныптар арасында өткізілді.
🌟 Оқушылар күзгі байқауда өз өнерлерін көрсетіп, ерекше дайындықпен келді. Ән айтылып, би биленіп, шығармашылық қойылымдар ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 🎉
Бұл байқау 8-сынып оқушыларының ұйымшылдығын арттырып, таланттарын шыңдауға ықпал етті.


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қамқор» жобасы негізінде мектебімізде 1-4 сыныптар арасында «Алтын күз-2025» күзгі жәрмеңкесі ұйымдастырылды 🍂✨
Оқушылардың қолынан шыққан түрлі тәтті тағамдар мен қолданбалы бұйымдар ұсынылып, білім алушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🌟
Бұл шара оқушылардың ұйымшылдығын, еңбекқорлығын арттырып, қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеуді мақсат етті.


Астана әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицейінде өткен қалалық “Бала Толағай” ұлттық спорт ойындарында мектебіміздің оқушылары өз шеберліктері мен ұйымшылдықтарын танытып, жүлделі III орынды иеленді! 🥉
