Сегодня: 04.11.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында 6 “Б” сынып оқушыларымен «Жаз – жаңа тәжірибе уақыты» тақырыбында қысқаша сұхбат жүргізілді.
Оқушылар жазғы демалыстың қызықты сәттерімен, жаңа ағдыларымен және есте қалған жарқын оқиғаларымен бөлісті.

bvnvbnf.pngfvcvvv.pngүйренген д

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында 9–11 сынып білім алушыларымен «Арманым мен мақсатым» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Жастар болашағына сеніммен қарап, өз армандары мен мақсаттары жайлы ашық ой бөлісті

dfgdfgfdgdggdf.pngfghfghgfh.pngdsfsdsddssd.png

“Мектебім – мейірім мекені” республикалық интервью-челленджі аясында мектебімізде «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды.
Бұл челленджге мектебіміздің 4 “А” сынып оқушысы Тілеулі Иманәлі және оның анасы Айгүл Серікқызы қатысып, жазғы демалыстың қызықты сәттерімен бөлісті.

 bhh444.png

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Іс-шараға ұстаздар қауымымен бірге мектептің Қамқоршылық кеңесі мүшелері, Астана қаласы “Аманат” партиясының белсендісі, журналист, жазушы, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің медиатобының мүшесі Бұлғақбаева Баян Құрмантайқызы, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі. «Білім күнін» атап өту кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі, жоғары сынып оқушыларының мерекені кафе, мейрамханаларда атап өтуіне жол бермеу, ата-аналардан қаржы жинап, мұғалімдерге сыйлықтар алу, түрлі аниматорларды жалдауларының алдын алу көзделді. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды. Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттерімізге «Әліппе» оқулығы салтанатты жағдайда табыс етілді. Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды.

dgffdg3333.pngdfdfg222.pngdsgdfg3.png