Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімдер мен оқушылары «1 қазан - Қарттар күніне” орай Астана қаласындағы “Жанашыр” қарттар үйіне барып, қарттарымызды құттықтап қайтты.
Оқушылардың Қарттар үйіне баруы – өте маңызды және тәрбиелік мәні зор оқиға. Мұндай іс-шаралар жастардың үлкендерге деген құрметін арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Іс-шара мақсаты:
1. Қарттарға құрмет көрсету, көңіл бөлу;
2. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;
3. Үлкендермен тілдесу арқылы рухани тәрбие беру.
Іс-шара өте жылы әрі әсерлі өтті. Ұстаздар мен білім алушылар қарияларға өз құттықтауларын арнап, ән, күй өнерлерімен көңілдерін көтеріп, сый-сияпаттарын табыстады. Қарттар оқушылардың көңіл бөлгеніне риза болып, алғыстарын білдірді. Оқушылар үлкен кісілермен сөйлесіп, өмірлік тәжірибе алды. Мұндай кездесулер жас өркеннің бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етті.
PS: ҚР азаматтарының құқықтық мүдделерін қорғау заңдарына орай қарттар үйіндегі тұрғындардың фото-бейнематериалдарын жарияламау талабы сақталды

9-сынып оқушылары үшін көптен күткен «Күзгі бал-2025» кеші өтті!
Оқушылар әсем көйлек, сәнді костюмдерімен мерекелік көңіл-күй сыйлап, би алаңын думанға бөледі. 💫
Кеш барысында түрлі сайыстар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, ең үздіктер арнайы номинациялармен марапатталды. 🎉
Бұл шара жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, достықты нығайтып, мектеп өміріне ұмытылмас сәттер қосты. 🤍

10 қазан күні Халықаралық инклюзия күніне орай А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Игі істер марафоны – 2025» атты рухани құндылық пен ізгілікке бағытталған ерекше іс-шара өтті.
Бұл күні ұжымның педагог-психолог мамандары оқушылармен бірге түрлі қызықты, шығармашылық және дамытушы практикалық сабақтар ұйымдастырды. Балалар қыш-құмыра шеберханасында өз қолдарымен әсем бұйымдар жасап, құм терапиясы арқылы ішкі сезімдерін бейнеледі. Ал арт-терапия барысында түрлі-түсті бояулармен өз қиялдарын еркін жеткізіп, шабыт пен қуанышқа бөленді

“Тәлімгер мен жас маман: талдаудан табысқа” тақырыбында семинар болып өтті. Семинар барысында жас мамандар мен тәлімгерлер өзара тәжірибе алмасып, сабақ талдау мен кәсіби дамудың тиімді жолдары қарастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, табысқа жету жолында тәлімгерлік қолдаудың маңызын айқындау болды.

📚 “Таза қағаз, әдемі әріп” көркем жазу сайысы 🖋️
Бүгін апталық жоспарына сай жазу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру мақсатында “Таза қағаз, әдемі әріп” атты көркем, сауатты жазу сайысы өткізілді.
✍️ Оқушылар өздерінің әдемі жазу үлгісімен, сауаттылығымен және ұқыптылығымен ерекшеленді.
✨ Бұл сайыс — оқушылардың жазу мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылық пен әдемілікке тәрбиелейді.
📖 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «5 қазан – Мұғалімдер күніне» орай Ұстаздар апталығы бастау алды.
Мерекелік шара ата-аналар мен оқушыларымыздың керемет құттықтауларымен басталып, ұстаздарымызға ғажап көңіл-күй сыйлады. Ұстаздар қауымына арналып «Құрмет дәлізі» жасалып, ұлағатты мамандық иелерінің құрметіне ән, күйлер орындалып, ізгі тілектер айтылды.
Ертеңгілік концерттік қойылым мен ерекше бағдарламаны ұйымдастырған мектебіміздің ата-аналары мен шәкірттеріне алғыс білдіреміз.
