Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімдер мен оқушылары «1 қазан - Қарттар күніне” орай Астана қаласындағы “Жанашыр” қарттар үйіне барып, қарттарымызды құттықтап қайтты.
Оқушылардың Қарттар үйіне баруы – өте маңызды және тәрбиелік мәні зор оқиға. Мұндай іс-шаралар жастардың үлкендерге деген құрметін арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Іс-шара мақсаты:
1. Қарттарға құрмет көрсету, көңіл бөлу;
2. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;
3. Үлкендермен тілдесу арқылы рухани тәрбие беру.
Іс-шара өте жылы әрі әсерлі өтті. Ұстаздар мен білім алушылар қарияларға өз құттықтауларын арнап, ән, күй өнерлерімен көңілдерін көтеріп, сый-сияпаттарын табыстады. Қарттар оқушылардың көңіл бөлгеніне риза болып, алғыстарын білдірді. Оқушылар үлкен кісілермен сөйлесіп, өмірлік тәжірибе алды. Мұндай кездесулер жас өркеннің бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етті.
PS: ҚР азаматтарының құқықтық мүдделерін қорғау заңдарына орай қарттар үйіндегі тұрғындардың фото-бейнематериалдарын жарияламау талабы сақталды





