Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп ұйымдастырған «Ой-сандық: оқу және математикалық сауаттылық – табысты синергия» байқауына мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәдуақас Ерасыл Бақтиярұлы қатысып, «жұптық» және «топтық» кезеңінен жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
100-ден астам қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдері қатысқан интеллектуалды білім додасында өзінің білім деңгейі мен шеберлігін, кәсібилігін көрсетіп жүзден жүйрік атанған Ерасыл мұғалімді жеңісімен құттықтаймыз!





