ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сонымен қатар шын жүйріктерді анықтау мақсатында 01.11.2024 ж. «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері, Серикпаева Динара Сералыевна, Әлдей Ләззат Бекжанқызы қатысты. Серикпаева Динара Сералыевна грамота, Әлдей Ләззат Бекжанқызы ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
12 қазан А. Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицейде Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 1 (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиадаға 8-9-10-11 сыныптарынан 175 оқушы қатысып, білімін сынады. Мектеп директоры Ғани Бақытұлы оқушыларға сәттілік тілеп, тапсырмаларды ашу рәсіміне қатысты.
30 қазан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» зертхана жұмысының отырысы ұйымдастырылды. Астана қалалық әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Маманова және А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен шара мазмұнға бай, тағылымға толы болып, көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараға қала мектептерінен 40-тан астам ұстаздар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Отырыстың мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары негізінде педагогикалық инновациялық қызметінің тәжірибелерін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға мүмкіндік жасау болса, іс-шараға қатысушылар Ұлт ұстазының еңбектерін зерттеу, оның кемел идеяларын жас өркеннің оқу-тәрбиесі ісіне тиімді пайдалану, ұлы ғұламаның өшпес бай мұрасын насихаттауда еселі еңбек етіп, ізденгендіктерін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік идеялары қазақ білім мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Жиын қатысушылары ғұлама ғалымның еңбектері, педагогикалық инновациялық қызметі мен идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде «Тілді оқыту әдістемесі», «Мазмұн мен әдістеме», «Дамытушылық тәсіл», «Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру», «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Білім берудегі мысал өлеңдерді қолдану тәсілдері», «Мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуі мен педагогикалық тәжірибе алмасуы», «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне зерттеу жүргізу» бағыттары түрінде тиімді қолдануға болады деген тұжырым жасады. Бұл еңбектер оқу-тәрбие үрдісін жаңғыртуға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.