Сегодня: 24.10.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

МЕКТЕПТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ

МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ:

Жаңашылдыққа бейім, ойлау дағдысы жоғары, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны дамытуға бағытталған жайлы орта құру.

МАҚСАТЫ: Білім алушылардың әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатын қабілеттерін жетілдіру, білім беру үрдісінде озық әдістемелер арқылы оқушылардың сыни тұрғыда жан-жақты ойлау қабілетін дамыту. Ұлттық құндылықтарға негізделе отырып, құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелеу

І. Мұғалімдердің сапалық құрамы 2025-2026 оқу жылы

Мұғалімдердің сапалық құрамы

Барлық педагог саны-118

· Педагог-зерттеуші- 23

· Бірінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 1

· Педагог –сарапшы - 32

· Педагог модератор - 37

· Педагог - 25

· Магистр - 36

· Phd докторантура -4

Оның ішінде:

· «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»-1

· Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері - 1

· Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» – 9

· Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы- 7

Мектептегі әдістемелік жұмыс - ол біртұтас, әр мұғалімнің кәсіби шеберлігін жан-жақты көтеруге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысты іс-шаралар мен әрекеттердің жиынтықтар жүйесі. Ол оқу үрдісіндегі әдістемелік талдау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерге негізделген педагог шығармашылығын жүйелеу.

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты : білім мекемесінде қоғам талабына сай нəтижелі білім бере отырып, жас ұрпақты тəрбиелеу, дамытуда педагогтардың біліктілігін арттыру, шығармашылық еңбегін қалыптастыру, тиісті əдістемелік көмектер ұйымдастыру.

Мақсаты:

Оқу үрдісінде заманауи әдәс-тәсілдерді меңгерген, жаңаша көзқарастағы мұғалімдер санын арттыру, заманауи қоғамдық талапқа бейімдеу.

Міндеті:

1. Жалпы білім беру бағдарламасы және білім беру стандартын жүзеге асыру негізінде заманауи білім беру сапасына жету.

2.Жеке оқу қызметінің субъектісі ретінде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды толық жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

3.Мектептің жұмыс тәжірибесіне оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру кезінде жаңа білім беру технологияларын енгізу.

4. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі, шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік туғызу.

Бұл мәселені шешу үшін мектепте келесі жағдайлар жасалды:

- негізгі тәртіп бойынша оқу жоспары құрылды;

- барлық әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары жасалды;

- мектепте әдістемелік жұмыстың құрылымы құрылды;

- әдістемелік жұмыстың әр түрлі формалары пайдаланылды;

- мұғалімнің кәсіби өсуіне бағытталған байқауларға қатыстыру;

- педагогтарды марапаттау мен сыйақы тағайындау;

- біліктілік арттыру курстарына қатыстыру;

- аттестаттаудан өткізу;

Әдістемелік жұмыстың міндеті мен мақсаты келесі қызметтік бағыт бойынша жасалған:

- әдістемелік кеңес жұмысы ұжымдық әдістемелік іс-әрекет;

- педагогтарды білім жетілдіру курстарына қатыстыру және біліктілік санатты жоғарылату арқылы педагогикалық шеберліктерін арттыру;

- жас мамандармен және жаңадан келген мамандармен жұмыс;

- жеке-әдістемелік және инновациялық қызмет;

-диагностика-аналитикалық қызмет, психологиялық-педагогикалық диагностика;

- әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету.

- баспа беттеріне мақала жариялау

Мектепте оқушылардың жеке қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін жоғары білікті педагогикалық ұжым жұмыс жасайды.

Мектеп педагогтері перспективтік жоспарға сәйкес 3 жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтеді. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» тақырыбындағы 80 сағаттық курсынан - 58 педагог біліктілігін арттырды.

Курстар

2023-2024 о.ж

2024-2025

Жалпы педагог саны

Курстан өткендер

%

Жалпы педагог саны

Курстан өткендер

%

«Өрлеу» БАО курстары

129

62

48%

125

17

13,6%

«НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

129

5

4%

125

58

46,4%

«Ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК

129

3

2%

125

1

0,8%

2024-2025 оқу жылының қортындысында мектептің педагог қызметкерлері аттестаттау ережесіне сай біліктілік дәрежесіне ие болды. Барлығы:

24 - педагог кезекті аттестаттаудан өтуге өтініш берді.

1. «Педагог - зерттеуші» - 6

2. «Педагог - сарапшы» - 6

3. «Педагог - модератор» - 9

4. «Педагог» - 3

Педагог кадрлардың соңғы 2 жылдағы салыстырмалы біліктілік деңгейінің көрсеткіштері:

Санаты

2023-2024

2024-2025

саны

%

саны

%

Педагог-зерттеуші

38

29

29

23,2

Педагог -сарапшы

28

22

36

28,8

Педагог-модератор

23

18

32

25,6

І санат

0

0

1

0,8

Санаты жоқ

39

30

27

21,6

Барлығы

129

53%

125

78,4 %

ЖАС МАМАНМЕН ЖҰМЫС

Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жас мамандар мен озық тәжірибелі мұғалімдердің байланысын бекітіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету үшін мұғалімдер тәлімгер болып бекітілді.

Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығының негізінде 5 жас маманға тәлімгерлер тағайындалды.

Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру қорытындылары тыңдалып, жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынымдар берілді.

Тәлімгердің аты-жөні

Лауазымы

Еңбек өтілі

Тәлім алушының аты-жөні

Лауазымы

1

Тохсан Дамира

Биология пәні мұғалімі

27 жыл

педагог-зерттеуші

Биболова Айдана Сейсенқызы

Биология пәні мұғалімі

2

Хонорбай Анаргуль

Физика пәні мұғалімі

22 жыл, педагог-зерттеуші

Еркембек Ұлдана Асқарқызы

Физика пәні мұғалімі

3

Тогызбаева Раушан Сейдахметовна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

28 жыл педагог-зерттеуші

Әметхан Алтынай

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

4

Өкмет Ақсу

Информатика пәні мұғалімі

23 жыл, педагог-зерттеуші

Сексенбай Айтолсын

Математика пәні мұғалімі

5

Ильясова Ляззат Бактыбаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

36 жыл, педагог-зерттеуші

Жүсіп Жәудір

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ КОНКУРСТАРҒА ҚАТЫСУЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен өтетін қалалық авторлық бағдарламалар байқауының - сараптамалық кеңесінен 4 жұмыс өтіп, қала мектептеріне таратылуға ұсыныс берілді.

Бағдарламаның тақырыбы

Бағыты

Авторы

1

«Ахметтану»

8-сынып

Смагулова Н.Б

2

«Ахметтану»

9-сынып

Аренова Ж. С

3

Математикалық сауаттылықты меңгеру

9-10 сынып

Бакенова А.Б

4

Шахмат және ой дамыту

5-6 сынып

Исаев С.И

Астана Дарыны орталығының ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық идеялар» фестивалі байқауына -орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аюбаева Н қатысып, -3 орын, тарих пәні мұғалімі Қадыр М- Грамота иеленді.

«Астана дарыны» ұйымдастырған «Алтын тұғыр» байқауының аудандық кезеңінен бастауыш сынып мұғалімдері Әлдей Л.Б. -2 орын, Серикбаева Д.С - грамота иеленіп, Әлдей Л --қалалық кезеңге жолдама алды.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Ең үздік зертхана» физика пәні педагогтеріне арналған қалалық байқауға Мерәлі Н қатысып, жүлделі 3 орын иеленді.

Серіктес мектеп жобасы аясында «№50 Қазғарыш мектеп-лицейі» ұйымдастырған «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысқа мектептің жас мамандары Әметхан А., Биболова А.,Амангелді А қатысып жеңімпаз атанды. География пәні мұғалімі Шынгысбаева Ш - « Ұлы даламыздағы ізденістер, құндылықтар мен құпиялар» атты желілік және қала мектептері арасындағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында іс- тәжірибесімен бөлісіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Республикалық оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығымен қыркүйек айында 4 А, Б, сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» электрондық оқулығын апробациядан өткіздік. Информатика пәні мұғалімдері Секенқызы А, Шармахамбет М. қатысып, анықтама берілді. 30 қазан күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Әдіскер ұстаз» ғылыми-әдістемелік зертханасының қалалық шығармашылық топ отырысы ұйымдастырылып өткізілді. ЕҰУ-нің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы аудиторияда өткізілді. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері, Жанар Сейтахметқызының қатысуымен 50-ге жуық қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Ұлт ұстазының әдістемелік идеялары негізінде педагогтердің инновациялық қызметінің тәжірибесін жинақтауға, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға бағытталған семинарда мектеп педагогтері тәжірибесімен бөлісті. Смагулова Н, Аренова Ж., Абуева А., Кушбаева А.

SWOT талдау

Мықты жағы (S)

Әлсіз жағы (W)

- мектепшілік пәндік апталықтардың жоспарлы жүргізілуі;

- мұғалімдердің білім жетілдіру курстары мен біліктілік санаттарына өту дәрежесінің артуы;

- ЕҰУ-нің ғалымдарымен және Ахметтанушы ғалымдармен жүйелі байланыс жүргізіліп, шығармашылық топ кездесулерінің ұйымдастырылуы;

- тәлімгерлер мен тәлім алушылардың жұмысының жүйелі жүргізілуі;

- қалалық кәсіби конкурстарға қатысу деңгейінің төмендігі;

- қала, республика көлемінде тәжірибе таратуға өз зерттеу жұмыстарын ұсынбауы;

- авторлық бағдарламаларын қорғауға қатысу деңгейінің төмендігі;

Мүмкіндіктер (O)

Қауіп-қатерлер (T)

- қалалық үйретушілік семинарлар мен тренингтерге педагогтердің қатысуы;

- оқытуда білім ресурстарының қолжетімділігі;

- Педаготердің кәсіби өсуіне кері әсер етуі;

Директордың бейіндік ісі-жөніндегі орынбасары Қ.Ибраймова