Ілияс Жансүгіров оқуларының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Базарбай Кәусар «Ілияс - қарасөз шебері» номинациясы бойынша жүлделі І орын иегері атанды.
Сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі мен шебер орындау мәнері көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Оқушымызды және оның жетекшісі Г. Капшаеваны шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен жаңа биіктер тілейміз!
Шәкәрім оқуларының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық «Шәкәрім оқулары: Шәкәрім оқуларын сатылай кешенді талдау» байқауының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орыннан көрінді.
1 «Сөзімді өлшеп қараңыз...» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Фазылхан Ахан І орын, Жетекшісі - Аренова Ж.С;
2. «Визуализация...» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Мырзабек Ескендір І орын, Жетекшісі: Смагулова Н. Б;
3. «Ақылдан ойға сыр тартып...» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Бахитжанқызы Айдана ІІІ орын, Жетекшісі: Ильясова Л.Б.
Мектебіміздің абыройы асқақтай берсін!
Педагогтерді лауазымға тағайындау
конкурсының нәтижесі туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы 20 – 28 қазан аралығында бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша жарияланған конкурс нәтижелерін конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес шығаруға БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2025-2026 оқу жылына бос лауазымдық орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Қожадияс Аяжан Бақытқызы – педагог-ассистент;
4. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
«Астана дарыны» орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен №52 мектеп - гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадада мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Білімнің биік шыңына ұмтылған ұстаздарымызға алғыс айтамыз!
Педагогтерді лауазымға тағайындау конкурсының нәтижесі туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы 10-21 қазан аралығында бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша жарияланған конкурс нәтижелерін конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес шығаруға БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2025-2026 оқу жылына бос лауазымдық орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Төлеген Әдина Дәуренқызы – орыс тілі пәні мұғалімі;
- Дәуітбай Аяжан Ерназарқызы - тарих пәнінің мұғалімі;
- Сейіл Әсем Берікқызы – математика пәні мұғалімі;
- Алтай Мағжан Алматұлы – педагог ұйымдастырушы;
- Шаммаханбет Томирис Нуралықызы – информатика пәні мұғалімі;
4. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!
Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 29-қазан мен 07-қараша аралығында.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.