Ілияс Жансүгіров оқуларының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қалалық кезеңінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Базарбай Кәусар «Ілияс - қарасөз шебері» номинациясы бойынша жүлделі І орын иегері атанды.
Сөз өнеріне деген сүйіспеншілігі мен шебер орындау мәнері көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Оқушымызды және оның жетекшісі Г. Капшаеваны шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт пен жаңа биіктер тілейміз!




