05.09.2024 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей кітапханасында тілдер мерекесіне орай «Тілім-менің тірегім!» атты тақырыпта Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Сабақтың міндеті: Оқушылардың өз ой-пікірін ашық, бүкпесіз айтуына жағдай жасау. Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары мен кітаптары жайлы әңгімелеп беру. Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, сабаққа ынта жігерлерімен қатысты. Сондай ақ кітапханамызда «Туған тілім айбыным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.