2024 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден 6 оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленді. 8 сынып оқушысы Сардар Төремұрат -3 орын, жетекшісі Бейсембаева М.А. 7 сынып оқушылары Қалдыбаева Аида және Сыламхан Ередіге - Грамота иеленді. Жетекшілері: Бакенова А.Б., Каракулова М.М. Жүзден жүйрік атанған шәкірттеріміз бен олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!