«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 25 қарашада 5-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру.
Астана қаласы "Әл- Фараби атындағы Оқушылар сарайы " ұйымдастырумен өткен техникалық- шығармашылық және өнертапқыштардың "Білім шыңы" 2023 қалалық чемпионатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушылары "Әуе көлігі"бағытында 6 сынып оқушылары Бағдатұлы Сағынбек пен Қалдыбаев Дінмұхаммед жүлделі 2- ші орын иеленді. Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі Қыдырбеков А.Д . Шығармашылық бағытта білімін шыңдай түскен шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған XIX қалалық «Отаным деп, шырқаймын» вокалдық патриоттық әндер фестиваль - байқауында «жеке орындау» номинациясы бойынша мектебіміздің 3ә сынып оқушысы Амирова Айша ГРАН-ПРИ иеленді. Жетекшісі: Амирова Гүлбаршын Сагимбековна. Өнер додасында бақ сынаған талантты, жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
2023 жылдың 17 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицеймен бірлесе отырып, «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті.
Мектебімізде 6 қарашадан бастап “8 МИНУТТЫҚ ОҚУ” жобасы басталды. Оқушыларымыз сабақта күнделікті әдебиет кітаптарын оқып,талдауда.
Бүгін мектеп-лицейімізде «Ұлт мұратын қаламына арқау еткен...» ақын Марфуға Бектемірованың шығармашылығына арналған ағарту апталығы басталды. Мақсаты: ақын, жазушының шығармашылығын балалардың арасында насихаттау. Сыныптарда ақын, журналист, шебер аудармашы Марфуға Бектеміроваға арналған сынып сағаттары өтті. Оқушылар ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысып, өлеңін оқыды.