«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қадыр Мырза Әлі атындағы Віпоm sсһооl мектеп- лицейімен бірлесе ұйымдастырған 2024 жылдың 9 қаңтарында 4-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр мұрасы» калалық байқауында жас таланттарымыз өз шығармашылықтарымен жүлделі орындарға ие болып, жеңіспен оралды. Атап айтқанда, «Жас оператор» - номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Айтжан Асылбек, жетекшісі Смагулова Назгүл Бекзанқызы Бас жүлдені иеленсе, «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Ахатқан Ислам, жетекшісі Смагулова Назгүл Бекзанқызы ІІ орынды жеңіп алды. Осындай дүбірлі додада жүлделі орын алып, мектебіміздің мәртебесін арттырып жүрген болашақ жас таланттарға өнерлерің ұштала берсін деп тілейміз. Оқушылар мен жетекші мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!
2024 жылдың 4 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында әдістемелік күн жоспарланып өткізілді. Әдістемелік күннің мақсаты: мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру арқылы жаңа білім беру стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту. Білім ордасындағы тәжірибелік күнге 70 мұғалім қатысты. Бағдарламада 7 бағыт бойынша секция жұмысы жүргізіліп, педагогтар әдістемелік қоржынын жаңа инновациялық әдістермен толықтырды.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 4,5 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектеп жеңімпаздары мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз!
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 05 қаңтардағы бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2023-2024 оқу жылына бос жұмыс орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
Төменде көрсетілген педагог-ассистент лауазымына үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
Каркабатова Лилиана Мажитовна.
Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.
Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2023» компьютерлік жобалар байқауына мектебіміздің 8 «б» сынып оқушысы Смаилова Альбина жоғары деңгейдегі жоба дайындап, қатысқаны үшін сертификат иеленді. Ғылыми жетекшісі Айнұр Секенқызы. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауына 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты. Жарыс ағылшын тілінде жүргізілді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
8-11 сыныпқа арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлдегер атанды.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Пәннің үздік мұғалімі» пән педагогтеріне арналған қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада қортындысында 2 мұғалім - ІІ дәрежелі Диломмен, музыка пәні мұғалімі Амирова Г, информатика пәні мұғалімі Умирзаков Н және 4 мұғалім- ІІІ дәрежелі Дипломмен, орыс тілі пәні мұғалімі Тажбаев Р, биология пәні мұғалімі Тохсан Д, география пәні мұғалімі Нурумова Г, физика пәні Туртаева Н марапатталды. Өз пәнінің шебер, майталман педагогтерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!