Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз!
2024 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен математика пәнінен 7-9 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6-7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден 29 оқушы қатысып, жүлделі орындар иеленді. 1 орын -1; 2 орын - 6; 3 орын - 8; Грамота - 6. Білім додасында оза шапқан шәкірттеріміз бен олардың ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Астана қаласының №76 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 ақпанында 8-10 сынып оқушылары арасында қалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойыны өтті. Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмір жолы мен олардың шығармашылығын насихаттауға арналған үстел ойынына мектебіміздің 10 -сынып оқушысы Серікбай Нұртас қатысып, жүлделі 3- орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Тажикеева А.К.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен 2024 жылдың 2 наурыз күні Әбіш Кекілбаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінде «Білім сапасын арттырудың аса маңызды шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.