Бүгін: 15.05.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 21 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  мен  “ Zerde-Lider” білім беру орталығы  ұйымдастырған 5-6 сынып оқушылары арасында  математика және ағылшын тілі пәндерінен «Жас эрудит»  қалалық  олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 5-6 сынып оқушыларынан  мектепішілік кезеңнен жеңімпаз атанған 4 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің нәтижесінде 6 - сынып оқушылары Сайлаубек Елнар - ІІ орын және Сальменов Сансар -ІІІ орын иеленді. Жетекшісі жас маман, математика пәнінің мұғалімі Нұрболат Ардақ.  Жүзден жүйрік атанып, білім сайысында оза шапқан шәкірттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Қазанның 6-күні “Дарын” орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі ІІІ қалалық  «Құтты білік» сайысы өтті. Сайысқа қаланың 80 мектебі қатысып, бақ сынасты. Мектебіміздің абыройын қорғауға “Топжарған” номинациясында 7А сынып оқушысы Сарсенбаев Мансур (жетекшісі Ильясова Л.Б.) “Ойтолғау” номинациясында 6А сынып оқушысы Мухамедиева Томирис (жетекшісі Аренова Ж.С) қатысты. “Қобыланды” батыр жырын мәнерлеп, жатқа айтқан  Мансур жүлделі 2-орынға ие болса, жырдың мазмұны бойынша эссе жазған Томирис 3-орын иеленді.  “Талаптың тұлпарын мінген” жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!

 

Құттықтаймыз!

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы Х республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Ахметов Абдулла «Ұлттық аспапта өнер көрсету»  бағытында қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Ж. Кируова. "Көркем сөз оқу " бағытында 10 "Ә"сынып оқушысы Серікбай Нұртас қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Г. Қапшаева.

 Өнерлі жастарымыз мектеп абыройын асқақтатып, жүзден жүйрік атанып,  жүлделі орын иеленгендері үшін құттықтаймыз!

 

 

2022-2023 оқу жылында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған  9-11 сынып оқушыларының Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейден 16 оқушы қатысып, оның 5-і жүлделі орындар мен 3-і Грамота иеленді.

2022-2023 оқу жылының І-жарты жылдығы бойынша оқушылардың олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі туралы  ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 № 232 бұйрығымен бектілген.