- Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 штаттық бірлік.
 
  Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
 - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 - кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (толық толтырылған, суреті жабыстырылған, нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
 - біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) (куәландырылған);
 - денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма–075);
 - психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 - наркологиялық ұйымнан анықтама;
 - Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
 - 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
 - конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) (бар болса);
 
Конкурсқа қатысу үшін http://ustaz-nobd.iac.kz сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14 – 23 тамыз аралығында.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
 
 Байланыс телефоны:
 8 (7172) 50 – 16 – 56
 8 701 318 56 21 (кадр бөлімі)
 электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
					



