Бүгін: 16.05.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

03-04 ақпан аралығында ЕРЛЕР, ӘЙЕЛДЕР, ЖАСТАР, ЮНИОРЛАР және  ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА  100 ШАРШЫЛЫ ДОЙБЫДАН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ. Жарыс өте тартысты әрі қызықты  өтті. Өткен орны: №89 мектеп-лицей.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Нәтижесінде мектебіміздің төмендегі оқушылары жеңімпаз, жүлдегер атанып, үздік ойын көрсетті : 

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

1) САЙЛАУ АМИНА - 1 ОРЫН , 10 А сынып (Жастар, қыздар арасында)
2) СЕРІК АРУЖАН - 3 ОРЫН, 5 А (2011-2014жж, қыздар арасында)
3) ЕСТАЙ НҰРАЛИ - 2 ОРЫН,  3 Ә сынып (2015 ж және одан төмен ұлдар арасында)
4) НҰРҰШ АЙСАНА - 1 ОРЫН,  1 Б сынып (2015 ж және одан төмен қыздар арасында)

ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН МАДАҚТАМА
АЛҒАН ОҚУШЫЛАР

5) ШАМҒАН НҰРӘЛІ -  4 Ә сынып
6) МИЛЛАТ ДАМИР - 4 В сынып
7) НҰРҰШ АЙЗЕРЕ - 4 Ә сынып
8) АБАТОВ ТИМУР - 8 Ә сынып
9) СЕРІК ЖІГЕР - 9 Ә сынып

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медаль және мадақтамалармен марапатталды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, белсенді қатысушылар мен олардың ата-аналарын және сынып жетекшілерін шын жүректен  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

Ерекше қолдау көрсеткені үшін МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ мен ҰЖЫМЫНА ЗОР АЛҒЫС білдіреміз!!!

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, «Астана қаласының дойбы федерациясы» қоғамдық бірлестігі